«Барыстың» шабуылшысы Кирилл Савицкий ҚХЛ-да 150-кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның мерейтойы «АК Барспен» өз алаңындағы матч болды - (1:3).Биылғы маусымда 28 жастағы шабуылшы ҚХЛ тұрақты маусымында 50 ойын өткізіп, 16 ұпай жинады (10+6).

Өскемендік түлек «Астана» клубында 2021-2022 жылғы маусымнан бері өнер көрсетіп келеді. Ол ҚХЛ-да барлығы 150 кездесу өткізіп, 53 (27+26) ұпай жинады.