Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында керлингтен аралас жұптық бәсекеде жерлестеріміз кезекті ойынында Швейцария командасына жол берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мерей Тастемір мен Ибрагим Тастемір жұбы Швейцариядан келген қарсыластарына 1:9 есебімен жол берді. Осылайша қазақстандық керлингтентен сынға түсіп жатқан отандастарымыз қатарынан үш ойында да қарсыластарынан жеңіліп қалды.

Атап айтсақ, бірінші ойынында Аустрия құрамасынна 4:5 есебімен жеңілсе, екінші ойында германиялық құрдастарына қарсы сында 4:8 есебімен есе жіберді.

Енді, ертең Астана уақыты бойынша 15:00-де құрама спортшылары Италиямен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.

Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын. Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.