АТР жаңартылған рейтингіндегі қазақстандық теннисші Александр Бубликтің орны өзгерген жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Бублик "Үлкен дулыға" турнирінің бірінші айналымында үндістандық спортшы Сумит Нагалдан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған еді. Ал үндістандық теннисші Australian Open турнирінде көрсеткен нәтижелерінен соң ATP рейтингінде екінші орынға көтерілді. Десе де бұл жеңіліс қазақстандық спортшының рейтингіне әсер еткен жоқ. Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы ATP рейтингіндегі 27-орында қалды.

Қазір Қазақстан атынан өнер көрсететін бұрынғы ресейлік спортшы Александр Шевченко 11 орынға төмендеп, тізімдегі 59-жолға табан тіреді.

Ал қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев 176-орынға көтерілсе, Бейбіт Жұқаев 189-орынға тоқтады. Айта кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович өз орнын жоғалтпады. Ал Australian Open турнирінің чемпионы италиялық спортшы Янник Синнер 4-орында қалды.