Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында шаңғы жарыстарынан алғашқы спринттік сайыста жүлдеге таласқан спортшыларымыздың арасынан Берік Боранбаев ғана іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спринт. Ұлдар/қыздар

22- орын - Берік Боранбаев — 3:10.43

37-орын - Әубәкір Тотанов — 3:18.78

33-орын - Виолетта Митропольская — 3:50.35

56-орын - Милана Мамедова — 4:13.16

Енді бүгін Берік Боранбаев ширек финалдық жарысты ары қарай жалғастырады.

Естеріңізге сала кетсек, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.

Биатлон, керлинг, конькимен сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынауда.

Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын. Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.