Шабуылшы Альваро Мората бизнесмен досы Пабло Нуньомен бірге 60 миллион еуроға Manolo Bakes кафелер желісінің акцияларын сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сондай-ақ футболшы компанияға инвестиция салған, бірақ нақты сомасы айтылмаған.

Manolo Bakes – Испанияда тәулігіне 60 мыңнан астам мөлшерде сатылатын «манолитос» круассандарын дайындайтын кафелер желісі. Қазіргі уақытта Испанияда 40-тан астам мекеме жұмыс істейді, бірақ 2024 жылдың соңына қарай олардың саны 70-ке дейін артуы мүмкін.