Түркия Суперлигасының 23-туры аясындағы матчта Стамбулдың «Бешикташ» командасы сырт алаңда «Сивасспорға» 0:1 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сивасспор» (Сивас, Түркия) – «Бешикташ» (Стамбул, Түркия) – 1:0.

Гол соққан: Рей Манай.

Қазақстан құрамасы мен «Бешикташтың» жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шығып, тоқсан минут бойы өнер көрсетті.

23-турдан кейін «Бешикташ» Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде төртінші орында келеді.