31 жастағы беларусь шабуылшысы Николай Сигневич «Атыраудың» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы «Атырауға» еркін агент ретінде көшті. Келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін жасалған.

Сигневич мансабының басында Беларусьтің «Смолевичи», «Динамо» Брест және БАТЭ сияқты клубтарында ойнады. Сондай-ақ ресейлік «Химки», венгриялық «Ференцвароше» және грекиялық «Платаниасе» командаларында ойнаған.

Оның кейінгі клубы өткен жылдың қыркүйегінен бері ойнаған грекиялық «Аполлон Смирнис». Осы уақыт ішінде ол 22 ойын өткізіп, 1 гол соққан.

Жалпы, Сигневич мансабында 327 матч өткізіп, 76 гол соғып, 34 нәтижелі пас берді.