«Астананың» және «Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Джордже Деспотович Черногория «Будучности» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Черногория клубы «Ақтөбенің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Милош Райчковичпен келісімшартқа отырған болатын.

Деспотович Қазақстанда «Астана», «Қайрат», «Тобыл» және «Жетісу» командаларында ойнаған екі рет чемпион және Қазақстан Кубогының, сондай-ақ ел Суперкубогының иегері.