Аустралия ашық чемпионатында ерлер арасында жекелей сында жеңімпаз анықталды.

Соңғы бәсекеде кортқа әлемнің 3-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев пен рейтингіде одан бір саты төмен тұрған италиялық Янник Синнер кортқа шықты.

Бұған ресейлік спортшы «Үлкен дулыға» турнирінде бес рет финалға шықса, соның біреуінде, 2021 жылы АҚШ ашық чемпионатында үздік шыққан еді.

Ал 22 жастағы Я.Синнердің алғашқы финалы болатын.

Бастапқы екі сетте ресейлік теннисші 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

Дегенмен бұдан кейін италиялық спортшы күш алып кетті — 6:4, 6:4, 6:3.

Үш сағат 45 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Янник Синнер 14 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.

Даниил Медведев 11 эйс, 4 брейкпен (12 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша Я.Синнер Аустралия чемпионатында алғаш рет чемпион атанды.