Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.

Кездесу бүгін, 28 қаңтар күні елорда уақытымен сағат 17:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 52 мәрте кездескен. Оның11-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 55 ойыннан кейін 44 ұпаймен 19-орында тұр. Ал, «Ак Барс» 55 ойыннан кейін 66 ұпаймен 12-орында келеді.

Елордалық клуб соңғы 10 ойынның сегізінде қарсыластарына есе жіберді.