32 жастағы қазақстандық қорғаушы Мардан Төлебек мансабын «Арыста» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Футболшы басқа клубтардың ұсыныстарын қабылдамай, мансабын туған облысының командасында жалғастыруды жөн көрді.
Мардан Төлебек – Ордабасының түлегі. Шымкенттік ұжымда 161 матч өткізіп, 12 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.
Қорғаушының соңғы клубы «Оқжетпес» болды.
Комментарии