23 жастағы ақсулық жартылай қорғаушы Дамир Марат Черкассы қаласының Украина Премьер-Лигасының ЛНЗ командасында сынақтан өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

ЛНЗ - премьер-лигада ойнайтын украиналық футбол клубы. Команданы «Атырау» командасының бұрынғы бапкері Олег Дулуб жаттықтырады.

Биылғы маусымда команда 16 ойында 20 ұпаймен оныншы орында тұр.