Стенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Мария Дмитриенко Каирде (Египет) өтіп жатқан рейтингтік әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әйелдер арасындағы трап жаттығуының финалдық жарысында шымкенттік Мария Дмитриенко үздік нәтиже көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Каирде әлемнің 65 елінен 700-ден астам спортшы қатысып жатқан спорттық атудан рейтингтік әлем кубогы басталды.