Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов Астанада өтіп жатқан Indoor Tour 2024 халықаралық турнирінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кедергілермен 60 метрге жүгіруде Ефремов 7.60 уақытын көрсетіп, секундтың жүзден екі бөлігін кипрлік Трайковичке беріп жіберді. Үшінші орынды Кувейттен келген спортшы 7.63 ұпайымен иеленді.