Оқ атудан Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль түсті.

Атап айтсақ, «Трап» бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитренко топ барлық қарсыластарын басып озып, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді.

Алтын жүлде үшін өткен тартысты сайыста 35 жастағы отандасымыз 40 ұпай еншілеп, Токио Олимпиадасының чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы Фатима Галвез және Токио Олимпиадасының 2 мәрте жүлдегері Алессандра Периллиді басып озды.