Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында кешкі сессияда еліміздің керлинг шеберлері алғашқы ойынын өткізді.

Аталған додада Қазақстан намысын қорғаған Мерей Тастемір мен Ибрагим Тастемір жұбы Аустрия құрамасындағы Эмма Мюллер мен Луис Хайнхичке 4-5 есебімен жеңіліп қалды.

Енді ертең, 28 қаңтарда Мерей мен Ибрагим Германиядан келген құрдастарымен күш сынасады.

Ойын Астана уақытымен сағат 11:00–де басталады.

Фото: Сали Сабиров

Осылайша бүгін Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында өтіп жатқан қысқы спорт түрлерінен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының 8-жарыс күні аяқталды.