Семейлік «Елімай» 23 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Дэвид Майкоммен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дэвид Майком - «Елімай» ойыншысы.

23 жастағы бразилиялық тіреуші жартылай қорғаушы біздің командаға литвалық «Джюгастан» ауысты. Ол карьерасында Бразилия және Португалия чемпионаттарында өнер көрсетті», - делінген клуб хабарламасында.