Әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко Australian Open турнирінің финалында жеңіске жетіп, чемпиондық атағын қорғап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соболенко финалда қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездесіп, 6:3, 6:2 есебімен басым түсті.

Маусымдағы алғышқы «Үлкен дулыға» турнирінің финалдық кездесуі Род Лэйвер атындағы басты аренада өтті.

Матч 1 сағат 17 минутқа созылды.

Бұл Аринаның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі екінші жүлдесі. Өткен маусымда ол Australian Open чемпионы атанған болатын. Ал Циньвэнь болса, мэйджордың финалында бірінші рет бақ сынады.

28 қаңтарда ерлер арасындағы финалда ресейлік Даниил Медведев пен италиялық Яник Синнер өнер көрсетеді.