18 жастағы ресейлік файтер Денис Киров қаласындағы турнирде спарринг кезінде қайтыс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Денис Андреймен жекпе-жекке дайындалып, спарринг өткізіп жатқан. Жаттығу кезіндегі жекпе-жекте ол бірнеше соққы жіберіп алып, есінен танып қалған деп хабарлады Shot. Оқиға орнына келген дәрігерлер Денисті аман алып қала алмады. Ол жедел жәрдемде қайтыс болды».

Оқиға Киров қаласындағы «Юность» олимпиадалық резерв мектебінде болған.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, спортшы неден қайтыс болғаны белгісіз.