«Атлетико» қорғаушысы Чаглар Сеюнджю «Фенербахчеге» жалға беріледі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Фабрицио Романоға сілтеме жасап.

Инсайдердің мәліметінше, 27 жастағы түркиялық футболшы жақын арада Ыстамбұлға ұшады. Тараптар келісімнің барлық егжей-тегжейлерін реттеп қойған.

Сеюнджю өткен жаздан бері «Атлетико» сапында өнер көрсетеді. Ол мадридтік команда сапында барлық турнирде 9 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады. Қорғаушының «Атлетикомен» келісімшарты 2027 жылға дейін есептелген.