«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Эрик тен Хаг клуб қысқы трансфер кезеңінде шабуылшы сатып алмайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен нұсқаларды қарастырдым, бірақ біз қаржылық Фэйр-плей ережелерін сақтай алмаймыз. Әрине, Рэшфорд шабуылшы ретінде ойнай алады, бізде басқа ойыншылар да бар, бірақ Марсьяль бірнеше апта бойы алаңға шыға алмайды», - деп келтіреді Тен Хагтың сөзін Фабрицио Романо.

Еске салайық, желтоқсан айының басында INEOS «Манчестер Юнайтедтің» үлесін сатып алған болатын.