Аустралия ашық біріншілігі жасөспірімдер турнирінің жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қыздар арасындағы бірінші орынды Словакияның 16 жастағы теннисшісі Рената Ямрихова жеңіп алды.

Финалда Ямрихова аустралиялық 15 жастағы Эмерсон Джонсты екі сетте ұтты.

Өткен жылы Ямрихова жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің жұптық сынында жеңген болатын.

Ұлдар арасында 3:6, 7:6, 7:5 есебімен чехиялық Ян Кумстатты жеңген жапониялық Рей Сакамото чемпион атанды.