Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Португалия Гран-приінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 келіге дейінгі салмақта қазақстандық әйел голландиялық Амбер Герш пен француздық Лаура Эспадиньяны жеңгенімен, кейін жапондық Кано Миякиге есе жіберді. Жұбаныш жекпе-жектерде Абиба бельгиялық Лоис Пети мен түрік Сила Ерсинді жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, Португалия Гран-приі 28 қаңтарға дейін жалғасады.