Әлемнің 1-ракеткасы, сеобиялық Новак Джокович Аустралия ашық чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осыған дейін Аустралия біріншілігінде он рет чемпион атанған сербиялық спортшы жартылай финалда әлемнің 4-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен бетпе-бет келді.

Тартысты бәсекеде күтпеген жерден италиялық теннисші 6:1, 6:2, 6:7 (6:8), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 мәрте чемпионы Новак Джокович Аустралия чемпионатында 2018 жылдан бері алғаш рет жеңіліс тапты.

Ол өткен жылғы чемпиондық атағын қорғай алмады.

Екінші жартылай финалда ресейлік Даниил Медведев пен германиялық Александр Зверев кездеседі.

Финал 28 қаңтарға белгіленген.