Ресейлік Team Spirit командасы Counter-Strike 2-ден BLAST Premier: Spring Groups 2024 чемпионатында B тобындағы матчта еуропалық FaZe Clan командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 0:2 (Anubis-те 4:13 және Nuke-де 4:13) есебімен аяқталды. Леонид chopper Вишняковтың командасы турнирде екінші рет жеңіліп қалды.

Ұжым плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін жоғалтып, турнирден ұшып кетті.

BLAST Premier: Spring Groups 2024 турнирі 22-28 қаңтар аралығында Копенгагенде (Дания) өтіп жатыр.