«Реал Мадрид» франциялық шабуылшы Килиан Мбаппеге үлкен жалақы ұсынуға дайын емес, деп хабарлайды Prosports.kz.

ESPN мәліметінше, мадридтік клуб Мбаппеге вингер Винисиус Жуниор мен жартылай қорғаушысы Джуде Беллингемнен айтарлықтай артық төлеуге дайын емес. «Реал Мадрид» көшбасшылары бір маусымда шамамен 10,5 миллион еуро жалақы алады.

Бұған дейін Bild басылымы Килиан Мбаппе ПСЖ-дан кетіп, «Реалмен» келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын.

Осы маусымда француз ПСЖ сапында барлық турнирде 26 матч өткізіп, 28 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы Мбаппені 180 миллион еуроға бағалап отыр.