Қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы жолдастық кездесуде венгриялық «Кишвардадан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 3:2 есебімен венгриялық клубтың пайдасына аяқталды. Қызылордалықтар сапында Бақдәулет Зульфикаров пен Дмитрий Бородин голдың авторы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, кейінгі ойында қызылордалық клуб сербиялық «Радник» клубынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. «Кайсар» сапындағы жалғыз голды Дидар Жалмұқан соққан болатын.

Жолдастық кездесу. ОЖЖ

«Кайсар» (Қазақстан) - «Кишварда» (Венгрия) – 2:3