Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының алтыншы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде 16- орыннан 15-орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оған басты себеп, бүгін Канвон қаласында (Оңтүстік Корея) қазақстандық хоккейшілер қола медаль үшін таласта Аустрия құрамасын 6:5 есебімен жеңіп, Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алған болатын.

Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бір саты жоғарлады.

Жалпы есепте Италия әлі көш бастап келеді. Олардың қоржынында дәл қазіргі уақытта 9 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар.

Екінші орында келе жатқан Франция құрамасының еншісінде 6 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль болса, үздік үштікті түйіндеп тұрған Германияның қоржынында 6 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар.

Медальдар кестесіндегі алғашқы ондыққа енген елдер:

1. Италия – 9 алтын, 2 күміс, 3 қола (14)

2. Франция – 6 алтын, 3 күміс, 4 қола (12)

4. Қытай – 5 алтын, 7 күміс, 2 қола (14)

5. Австрия – 3 алтын, 6 күміс, 5 қола (14)

6. Оңтүстік Корея – 3 алтын, 4 күміс, 4 қола (11)

7. Ұлыбритания – 3 алтын, 1 күміс (4)

8. АҚШ – 2 алтын, 4 күміс (6)

9. Латвия – 2 алтын 3 күміс, 1 қола (6)

10. Швеция – 2 алтын, 2 күміс 3 қола (7).