Қазақстандық теннисші Асылжан Арыстанбековажасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінде Беларусь теннисшісі Юлия Перепихинамен бірге жұптық сында 1/4 финалдық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалға шығу үшін Қазақстан-Беларусь жұбы ұлыбританиялық Ханна Клагман/Мингге Ксу дуэтімен кездесті. Арыстанбекова мен Перепихина 2:6, 2:6 есебімен жеңілді.

Асылжан мен Юлия бұған дейін жасөспірімдер арасындағы Australian Open 2024 турнирінің екінші айналымында жапониялықтар Хаю Киношита/Вакана Сонобені (6:4, 2:6, 10:7) жеңген еді.

Айта кетейік, Асылжан Арыстанбекова жекелей сында алғашқы кезеңде жеңіліп қалды.