«Ювентус» жазда «Аталанта» мен Нидерланд құрамасының жартылай қорғаушысы Тен Кепмейнерсті сатып алмақшы, деп хабарлайды Prosports.kz.

Джанлука Ди Марционың ақпараты бойынша, 25 жастағы футболшы туриндік команданың жазғы трансфер кезеңіндегі басты мақсаты. «Ювентус» орталық жартылай қорғаушы үшін шамамен 40 миллион еуро төлеуге дайын. Клуб өкілдері ақпан айында «Аталантамен» келіссөз бастайды.

Копмайнерс «Аталанта» сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда жартылай қорғаушы команда сапында барлық турнирде 26 матч өткізіп, жеті гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Ойыншының қазіргі клубпен келісімшарты 2027 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген. Transfermarkt порталы футболшыны 40 миллион еуроға бағалап отыр.