OCTAGON еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы OCTAGON 55 турнирінде супер жекпе-жек өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Камиль карате» лақап атымен танымал тәжікстандық Камариддин Хасанов қырғызстандық Марсель Нурланбекпен кездеседі.

Карате OCTAGON 50 турнирінде өткен кейінгі жекпе-жегінде төрешілер шешімімен Елчибек Абдубалиевті жеңген болатын.

OCTAGON 49 турнирінде өнер көрсеткен Марсель Нурланбек мысырлық Ахмед Эльфаразиді Kneebar әдісімен жеңген еді.

Турнир 16 ақпанда Алматыда өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Муртазали Магомедов өзбекстандық Сардор Худайбердиевпен кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы жартылай жеңіл салмақтағы (65,8 келі) OCTAGON лигасының чемпионы атанады.