Канадалық ММА сарапшысы, MiddleEasy және Fanatics Viewжурналисі, James Lynch YouTube-арнасының авторы Джеймс Линч Prosports.kz сайтына қазақстандық Азат Мақсұмның UFC-дегі екінші жекпе-жегінен не күтетін айтты.

«Менің ойымша, Азат бұл жекпе-жекте жеңіске жетеді. Джонсон қатарынан үш жеңілістен кейін орнын сақтап қалуға тырысады. Десе де соңғы айқастарында ол сылбыр көрінді. Мақсұм онымен жақсы сәтте кездеседі. Өткен жекпе-жегінде Тайсаон Нэмді жеңді. Осы жолы Азат өзінің грэпплингінің арқасында қарсыласын күреске тартып, төрешілер шешімімен жеңіске жетеді деп ойлаймын», деді маман.

Алмабаев пен Вергара арасындағы жекпе-жек 2024 жылдың 9 наурызында Майамиде (Флорида, АҚШ) UFC 299 турнирінде өтеді.