Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына өте алмады.

Жасөспірімдер арасында әлемнің 27-ракеткасы, 16 жасар Әмір Омарханов ширек финалда рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған құрдасы, нидерландық Мес Роттгерингпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда екі брейк жасаған нидерландық алдан көрінді — 6:2. Оның қарқынына төтеп беру екінші сетте де мүмкін болмады — 6:0.