Қазақстандық файтер Азат Мақсұм (17-0) SPORT+ арнасына берген сұхбатында отандасы Асу Алмабаевтың (18-2) Си Джей Вергараға (9-4) қарсы жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алмабаевтың жекпе-жегі туралы пікірім? Асудың грэпплингі жоғары деңгейде. Ол өзінің ең жақсы қасиеттерін пайдалануы керек. Қарсыласын не қылқындыру әдісімен жеңеді, не нокаутқа түсіреді деп ойлаймын», - деді Мақсұм.Алмабаев пен Вергара арасындағы жекпе-жек 2024 жылдың 9 наурызында Майамиде (Флорида, АҚШ) UFC 299 турнирінде өтеді.