«Астананың» 33 жастағы бұрынғы белорус қорғаушысы Артем Рахманов Бресттің «Динамосына» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Артем Рахманов елордалық клубтан 2023 жылдың басында кеткен болатын. 2022 жылғы маусымда «Астанамен» бірге чемпиондық медальдарды жеңіп алды. Ол негізгі құрамда барлығы 14 кездесу өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

Бресттің «Динамосымен» келісімшарт биылғы маусымның соңына дейін жарамды.