Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Оттини-Лувен-ла-Нев қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евсеев бірінші айналымда бельгиялық Готье Онклиннен 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды.

Онклин екінші айналымда Б.Паир (Франция) - Л.Ридл (Швейцария) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.