Француздық ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе париждік клубтан кетіп, мадридтік «Реалмен» келісім-шартқа отыруға шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Bild басылымының хабарлауынша, Мбаппе жазда «Реал» сапына ауысады.

Естеріңізге сала кетейік, «Реал Мадрид» Мбаппеге қызығушылық танытып отыр, хабарланғандай, клуб ойыншыға келісімшарт шарттарын ұсынып үлгерген.

Осы маусымда француз ПСЖ сапында барлық жарыстарда 24 матч өткізіп, 25 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Transfermarkt интернет-порталының мәліметі бойынша, Мбаппенің нарықтағы құны 180 миллион еуроны құрайды.