«Самара» мен елордалық «Астана» кездескен ВТБ Біріккен лигасының матчы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Самарада өтіп, 78:66 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.

Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы қорғаушы Карвел Андерсон болды, ол 20 ұпай жинады.

Осылайша, «Астана» Біріккен лиганың ағымдағы маусымындағы оныншы жеңісіне қол жеткізді.

ВТБ Біріккен лигасы. 24-ші тур

«Самара» - «Астана» 66:78 (13:24, 20:22, 17:16, 16:16).