Қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсететін Бешикташ командасының басшылығы «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Ориол Ромеуды ауыстыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Серджан Дикменің айтуынша, түрік клубы Ромеу үшін ресми ұсыныс жасаған. Испандықтың өзі каталондық клубта ойын тәжірибесінің аздығынан Түркияға көшуге қарсы емес екені хабарланды.

Айта кетейік, Ромеу 2023 жылдың жазында «Жиронадан» «Барселонаға» ауысты. Осы маусымда жартылай қорғаушы барлық жарыстарда 21 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.