Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бүгін шрт-трекшілеріміз командалық эстафетаны жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шорт-тректен аралас командалық эстафетада Ұлттық құрама жарысты толығымен аяқтай алған жоқ. Жартылай финалдағы жарыста Ерасыл Шыңғысхан құлап, команда жарыстан шығып қалды.

Бұл сында бас жүлдені Қытай спортшылары қанжығасына байласа, екінші орынды АҚШ-тан келген спортшылар жеңіп алды. Үздік үштікті Жапонияның шорт-трекшілері еншіледі.

Айта кетейік, Қазақстан шорт-тректен толық құрам (2 ұл, 2 қыз) қосқан 9 команданың бірі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Данабек Хаиров баптайтын шорт-трекшілердің еншісінде әзірге 1 қола медаль бар. Оны 1 000 метр қашықтыққа жүгіурден Полина Омельчук жеңіп алған болатын.