«Астананың» Серф-Кост Классик (Новая Зеландия) и Кэдел Эванс Грейт Оушен Роуд (Аустралия) классикалық бір күндік веложарыстарына қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі жарыстың құрамы төмендегідей:

Мишель Газзоли, Макс Кантер, Самуэле Баттистелла, Кристиан Скарони, Джанмарко Гарофоли және Дмитрий Груздев.

Серф-Кост Классик веложарысы 25 қаңтарда жалпы ұзындығы 158,6 км құрайтын Лорн - Торки бағыты бойынша өтеді. Грейт Оушен Роуд 28 қаңтарда өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Астана» велокомандасы Сауд Арабиясында өтетін көпкүндік жарысқа қатысатыны белгілі болған еді.