Дзюдодан екі дүркін Олимпиада чемпионы америкалық Кайла Харрисон UFC-мен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Матч ТВ» сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, Харрисон Дана Уайттың промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегінде отандасы Холли Холммен кездеседі, ол бұған дейін әйелдер арасында аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі титулды иеленген. Жекпе-жек 13 сәуірде UFC 300 турнирінде өтеді.

33 жастағы Харрисон екі рет жеңіл салмақта PFL MMA промоушнының чемпионы атаған болатын.