OG халықаралық ұжымы Counter-Strike 2-ден BLAST Premier: Spring Groups 2024 турниріндегі A тобындағы матчта Team Falcons командасын жеңе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 0:2 (Ancient-те 2:13 және Vertigo-да 11:13) есебімен аяқталды. Нильс k1to Грунның командасы чемпионатта 13-16 орындар иеленді. OG бес мың доллар табыс тапты.

Келесі матчта Falcons Team Vitality командасына қарсы ойнайды.

BLAST Premier: Spring Groups 2024 турнирі 22-28 қаңтар аралығында Копенгагенде (Дания) өтіп жатыр.