2024 жылы Гангвонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада турнирінде 3х3 хоккейден Қазақстан құрамасы жартылай финалдық кездесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 19:6 есебімен латыштардың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Австрия-Дания жұбының жеңімпазымен күш сынасатын Латвия финалға шықты.

Қазақстан үшінші орын матчта аталмыш жұпта жеңілген командамен ойнайды.