Қарағанды ​​теннис мектебінің түлегі, жасөспірімдер арасындағы әлем рейтингінің 27-ракеткасы Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымдағы кездесуде қазақстандық жасөспірімдер арасындағы әлем рейтингінің 26-ракеткасы оңтүстіккореялық Чанджун Кимді ұтты. Бірінші сет 6:3 есебімен Әмірдің пайдасына аяқталса, екінші ойында Ким өз ойынын күшейтіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Шешуші үшінші сетте Омарханов 19 минутта қарсыласын 6:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты.

Жартылай финалға шығу үшін Әмір Голландия өкілі Мес Ротгерингпен (25 ITF Juniors) жеңуі керек.