3х3 хоккейден Қазақстан құрамасы Гангвонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде қазақстандықтар Ұлыбританияны 22:13 есебімен ұтты.

Осылайша Қазақстан жастар құрамасы латвиялықтармен ойнайтын турнирдің жартылай финалына шықты. Матч ертең өтеді. Астана уақытымен сағат 09:00-де басталады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық команда топтық кезеңде испаниялықтарды 14:4 есебімен жеңген болатын.