Петропавлдың «Қызылжары» 32 жастағы бельгиялық қорғаушы Брайан Ван Ден Богартпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ван Ден Богарт «Қызылжарға» өткен жылдың қаңтар айында исландиялық «Акюрейриден» келген болатын.

Өткен маусымда Брайан петропавлдық клуб сапында 13 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.