Қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында сынақ матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық команда Өзбекстанның «Сурхан» клубымен кездесті. Матч 1:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, «Қайсар» сапынан Йован Пайевич гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық клуб келесі сынақ кездесуін бүгін сербиялық Радникке қарсы өткізеді.

Матчтағы «Қайсардың» бастапқы құрамы: Сикач, Кеңесбек, Приндета, Йован, Қалмұратов, Сахалбаев (к), Совпел, Милоико, Норбеков, Махан, Жаңғылышбай.