«Интер Майами» футболшылары жолдастық кездесуде «Далластан» ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 0:1 есебімен аяқталып, жалғыз голды шабуылшы Хесус Феррейра соқты.

«Интер Майамидің» негізгі құрамында «Барселонаның» бұрынғы ойыншылары Лионель Месси, Луис Суарес, Серхио Бускетс және Хорди Альба ойнады. Месси мен Суарес 64-минутта ауыстырылды.

Келесі жолдастық ойында «Интер Майами» 29 қаңтарда Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубымен кездеседі.