Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бүгін конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта жеңімпаздар анықталды.

Аталған сында Қазақстан намысын әпкелі-сіңлілі Кристина мен Алина Шүмековалар қорғады.Кристина 33 спортшының арасынан жарысты 7-орынмен аяқтаса, сіңілісі 11-орға табан тіреді.

1-орын - Нидерланды - Ангел Далеман - 2:02.902-орын Қытай - Юнги Луи — 2:03.293-орын - Польша - Ханна Мазур — 2:05.137 орын - Қазақстан - Кристина Шумекова — 2:06.4711-орын - Алина Шумекова — 2:09.27

Енді санаулы уақыттан кейін 1 500 метр қашықтықта ұлдар бәсекесі жалғасатын болады.